389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық полиция мен құтқарушыларға жаңа көлік кілті табысталды

  • 546
  • UPD: 23:13, 17.10.2018

Қарағандылық полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жаңа автокөліктермен қамтамасыз етілді.

Қызметтік көліктердің кілттерін шенділерге облыс әкімі Ерлан Қошанов жеке табыстады.

Ішкі істер департаментін арнайы көліктермен қамтамасыз етуге  Облыстық  бюджеттен 648 млн теңгеден  астам теңге қаражат бөлінген. Оған 127 көлік сатылып алынды. Бұл  автокөліктер заманауи жабдықталған және кез келген жағдайды онлайн режимде жедел басқару орталығына жөнелтіп отырады.

Ерлан Қошанов, облыс әкімі:

- Елбасы өзінің Жолдауында «Полицей менің жергілікті жердегі тікелей өкілім» деп атап айтқан болатын. Бұл сіздерге тағы да қосымша жауапкершілік, тағы қосымша міндеттер жүктейді. Ал ол міндеттерді абыроймен атқару үшін не қажет? Ол үшін біріншіден кәсіпқой білім, тәжірибе қажет. Сондай-ақ материалдық-теникалық жағынан сіздер жасақталуларыңыз қажет.

Сондай-ақ ТЖ Департаментінің автопаркі де 10 автокөлікпен толықты. Оларды сатып алуға 206 млннан теңгеден астам теңге қаражат жұмсалған. Арнайы көліктерді тапсыру салтанаты 19 қазанда өтетін құтқарушылардың  кәсіби мерекесіне  орайластырылып отыр.

Ибрагим Күлшімбаев,  облыстық ТЖД басшысы:

- Бізге жедел құтқару техникалары берілді. Сол екі жылдың ішінде біраз арнайы техника құтқару бөлімдеріне алынып жатыр. Өрт сөндіру техникасы оның бәрі керекті техника. Төтенше жағдайдығ алдын алуға жоға өте көмек болады. 

Айта кету керек, аймақ басшысы  өткен жылы да  аталған саланың өкілдеріне 150 автокөліктің кілті тапсырған болатын.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы