389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы аудандарға жылу берілді

  • 593
  • UPD: 23:47, 17.10.2018

Ауа райының күрт төмендеуіне байланысты Түркістан облысының кейбір аудандарына жылу берілді.

Атап айтқанда қазанның 15-нен бастап, Созақ, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы жылу қазандықтары жылу тарата бастады. Көмір қоры жеткілікті. Бірақ жауапты сала мамандарының тасымалдаушы компанияға өкпе-реніші бар. 

Түркістан облысында жылу жүйесіне қосылған 3 мыңға жуық бюджеттік мекеме мен 544 көп қабатты тұрғын үй бар. Бүгінгі таңда барлық мекемелерге қажетті отын қоры жеткізілген. Жауапты сала мамандарының айтуынша, өңірдегі отын сақтайтын қоймаларға 820 мың тонна көмір мен 6 мың тонна сұйық отын жеткізілген. Ал, қазандықтардың дайындығына апта сайын мониторинг жүргізіліп отыр.

Марғұлан Марайым, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Дербес қазандықтардың саны 10. Ол толығымен түгелдей дайындалды. Облыстағы орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін көпқабатты тұрғын үйлердің саны 544, жылу беру маусымына толық дайындалған.

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы жылу беру жүйелері де биыл күрделі жөндеуден өтіп, қазандықтары жаңартылды. Жылу орталығының тек 60 пайызы ғана жұмыс істеген күннің өзінде шаһардағы барлық мекемелер қажетті жылумен қамтылады екен. 

Ерғазы Рысбеков, Түркістан жылу мекемесінің қызметкері: 

- Жылу мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны бұл Түркістан қаласынадғы 1, 2-мөлтек аудандағы 75 көпқабатты үй, 28 бюджеттік және 60 жертелімдік үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Бұнда 2 қазандық жұмыс істейді. Бір маусымда 15560 тонна көмір пайдаланады. Қазіргі таңда 10 мың тоннаға келісшарт жасалып, қазір 5500 тонасы келді.

Облыстың бір маусымдағы көмірге деген сұранысы шамамен 1 млн тонна. Қазан айының ортасына дейін соның 80 пайызы жеткізілген. Басқарма басшысының айтуынша, қазір облыстағы көмір сататын орындарда қатты отынның қоры жеткілікті. Бағасы да бақылауда. Мәселен, «Шұбаркөл» көмірі 14-15 мың ал, «Ботақара» көмірі 11 мың теңгеден саудаланып жатыр. Бірақ көмір сататын орындардағы жағдай сәл өзгешелеу.

Халық көп тұтынатын көмірді тасымалдау ісінде қиындықтың барын басқарма басшысы да мойындады. Оның айтуынша, көмірді облысқа жалғыз компания тасымалдайды. Бәсекелестік болмағасын монополист мекеме тәртіпке де бағынғысы келмейтін көрінеді.

Марғұлан Марайым, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

- Шақырсақ та келмейді кейде. Оның несін жасырамыз. Адалин деген компания. Осы мәселе бойынша министрлікке хат та жаздық.  Бәсекелестікті арттыру үшін.

Қанша жерден тапшылық орын алса да қатты отынның қымбаттауына негіз жоқ. Егер бағаның өсуі байқалса кез-келген тұрғын өзі тұратын әкімшілікке хабар беруіне болады. Егер ақпарат расталса, қолдан қымбатшылық жасағандар жауапқа тартылатын болады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы