387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында орақ науқаны аяқталды

  • 406
  • UPD: 07:30, 18.10.2018
Қостанай облысында орақ науқаны аяқталды

Қостанай облысында астық қамбаға құйылды.

Егіс алқаптарынан 5 миллион 200 мың тонна дәнді және дәнді бұршақты дақылдар жиналды. Әр гектардан түсім 12,8 центнерден айналды. Жаңа өнімнің бір жарым миллион тоннасы және 640 мың тоннадай ұн Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран мемлекеттеріне экспортталды. Астықты сақтау үшін сыйымдылығы 7,8 миллион тонна элеваторлық қоймалар уақтылы дайындалды.  

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- 5,2 млн тонна астықтың 1 млн 200 мың тоннасы 43 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына түсті. Оның 1 млн-ы бидай. 70 пайызы 3-санатқа жатқызылады. Қар астында қалған, қиындықтар болып жиналмай қалған алқаптар жоқ. 100 гектарға жуық майлы дақылдар жиналмаған. Оны жинау жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы