386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша 34 мыңдай полиция қызметкері баспанаға зәру

  • 523
  • UPD: 07:46, 18.10.2018

Бұған дейін тергеушілерге ғана пәтерақы төленіп келсе, енді сол тізімге жол-патрульдік және учаскелік полицейлер де кіреді.

Елбасы жолдауында жүктелген міндеттерді орындау аясында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полиция қызметін жаңғыртудың жол картасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Тың жоба аясында тәртіп сақшыларын артық функциялардан босату көзделген. Ел аумағындағы 252 нысанды күзету бәсекелестік ортаға беріледі. Сондай-ақ қылмыстық атқару жүйесіне қарасты медициналық мекемелер денсаулық сақтау ведомствосы құзырына өтеді. Ал Алматыдағы балалар колониясы Білім және ғылым министрлігінің қарамағында болады.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Барлық полиция бөліністерінде азаматтарды қабылдайтын арнайы фронт-офис ашылады. Қылмыстық атқару жүйесі мен колонияларды және Төтенше жағдайлар комитетін де жаңғырту қолға алынады. Жалпы жол картасын іске асыруды 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастауды жоспарлап отырмыз. Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру арқылы біз халық сенімінен шығамыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы