384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Есіл өзенінің жағалауында тегін жаңа автотұрақ пайда болды

  • 522
  • UPD: 16:49, 18.10.2018
Астанада Есіл өзенінің жағалауында тегін жаңа автотұрақ пайда болды

Жаңа автотұрақта мүгедектерге арналған орынды қосқанда 37 тұрақ орны бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл өзенінің бойында «Гранд Алатау» ТК жанында жаңадан тегін тұрақ орны ашылды, оның ішінде мүгедектерге де арналған орын бар.

Сарыарқа ауданы баспасөз қызметі айтқандай, көлік қоятын орынды ашуға сол маңдағы үйлердің ауласындағы көлігін қоятын автожүргізушілердің жүктемесін жеңілдетуге арналды.

Сонымен қатар азаматтарға жайлы болу үшін автотұрақтың бойына қосымша орындықтар, шағын сәулеттік формалар мен күн панелімен жұмыс істейтін жарықтандыру орнатылды.

«Бұл түнгі уақытта тұраққа жарық түсіп тұру үшін керек, мұның бәрі де астаналықтардың уақытын тиімді етіп өткізуі үшін жасалынып жатқан дүниелер», - деп түсіндірді ведомствода.

Хабар 24 телеарнасы