387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауы – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау

  • 556
  • UPD: 17:10, 18.10.2018
Елбасы Жолдауы – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау

«Әсіресе шағын және орта бизнестің дамуына жол ашқан «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуы осы саланың көкжиегін кеңейтеді», - дейді солтүстікқазақстандық кәсіпкер Сермұхамед Оралұлы.

Бірнеше жыл бұрын орман шаруашылығымен айналыса бастаған азамат бүгінде ағаш өңдеу кәсіпорнын құрып, оны қалдықсыз өндіріске айналдырды. Атап айтқанда, ағаш қалдықтарынан пеллет шығара бастады. Бұл еуро отын экологиялық тұрғыдан таза, ал қызуы көмірден артық болмаса, кем емес. Қазір мұнда жылына 1200 тонна пеллет өндіріледі. Енді болашақта оны шетелге экспорттау жоспарланып отыр. Ал жұмысшылардың табысымен тұрмысын жақсарту үшін мұнда барынша жағдай жасалып отыр. Аймаққа Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өндіріс ошағында болып, атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді.

Сермұхамед Оралұлы, кәсіпкер:

- Жалақысын да көтеріп жатырмыз. Мінекей, үй де беріп жатырмыз. Сосын өзіміздің мекемеде айтсақ, мынау санаториялық курорттық картамен Қазақстан бойынша демалысқа жіберіп жатырмыз. Жылына 10 адамдай барады. Мынау істеп жатқан өнімдеріміз таратылып, елге болсын, шет мемлекетке болсын жақсы болса жақсы ғой. Елбасымыз соны айтып жатыр ғой.

Хабар 24 телеарнасы