389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты

  • 491
  • UPD: 20:08, 18.10.2018
Маңғыстау облысында менингококк инфекциясы бойынша жағдай тұрақты Mir24.tv

Маңғыстау өңірінде осыдан үш күн бұрын көз жұмған сарбаздың өліміне іріңді менинго-энцефолит себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жағдайдан соң №66-56 әскери бөлімінде бір апта карантин жарияланып, тағы 12 сарбаз ауруханаға жеткізілген еді. Кейін олардың тұмаумен ауырғаны анықталды. Емдік шаралардан соң барлығы кері қайтарылған. «Жалпы менингококк инфекциясы бойынша аймақтағы ахуал тұрақты», – дейді мамандар.

Гүлбану Нұржанова, облыстың штаттан тыс бас инфекционисі:

– Сарбазға іріңді менинго-энцефолит диагнозы қойылды. Бұл менингокты инфекцияға қатысы жоқ. Оның үстінде бөртпелер болуына байланысты күдік болып, әрі қарай профилактикалық жұмыстар жүргіздік. Ауруды бақылау кезінде және лаборатория бойынша дәлелденген жоқ. Іріңді менинго-энцефолит ауамен таралмайды, тек ағзада тұрақталады. ОРВИ белгілері болған сарбаздарды біздер оқшауладық. Олардан менингококк шыққан жоқ. Жалпы облыс бойынша осы жылы менингокты инфекциясы тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы