384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутат Ә.Бектаев шымкенттік ұстаздармен Жолдаудағы басымдықтарды талқылады

  • 746
Депутат Ә.Бектаев шымкенттік ұстаздармен Жолдаудағы басымдықтарды талқылады

Бүгін Парламент Сенатының депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев Шымкент қаласында білім беру қызметкерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасы Жолдауында келер жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау туралы айылған болатын. Құқықтық құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері үшін барлық игіліктерді қарастыратын болады. Оның ішінде әсіресе, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен мұғалімдерді міндеттен тыс функциялардан арашалауға мүмкіндік бермек. Кездесу барысында ұстаздар қауымы да көкейлеріндегі ойларын ортаға салды.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы:

– Ұстаз мәртебесі туралы заң жобасы бүкіл халықтың деңгейінде талқылану керек. Керек болса, БАҚ-та жария етіле отырып, ата-аналардың, ұстаздардың пікірін де ескеру керек деген оймен бастама көтеріп отырмыз. Әрине, жинақталған ұсыныстар тиісті орындарға жіберілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы