384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық 461 отбасы солтүстік өңірлерге көшіріледі

  • 834
  • UPD: 20:50, 18.10.2018

Биыл 461 отбасы Алматы облысынан еліміздің солтүстік аймақтарына көшіріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

152 жанұя бүгінде Жетісу жерінен өз еркімен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аударды. Олардың баспанамен және жұмыспен қамтылуына сондағы жергілікті атқарушы билік жауапты. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған азаматтардың жағдайын аттандырушы тарап та жіті қадағалап отырады. Биыл Алматы облысынан Павлодарға 52 отбасы көшіп барды.

 

Ерлікпен қаза тапқандар ел есінде

Кәсіби борышын адал атқарып, ажал құшқан азаматтар мәңгілік ел есінде. Өскеменде қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан құқарушылар мен өрт сөндірушілер құрметіне орай ескерткіш тас қойылды. Бұл өлкедегі төтенше жағдайлар қызметкерлері мен олардың туған туыстары үшін көптен күткен сәт. Өйткені осы уақытқа дейін өз міндетін атқару кезінде мерт болған азаматтарды еске алып, гүл шоғын қоятын бірде-бір арнайы жер болмаған. Жергілікті мүсінші Евгений Непьяновтың қолынан шыққан стелланың биіктігі – 5 метр. Онда жалынмен арпалысқан өрт сөндіруші бейнеленген. Айта кету керек, тек соңғы 10 жылдың ішінде өңірде техногенді әрі табиғи сипаттағы 22 000 төтенше оқиға болыпты.

 

Алматыда Рухани келісім күні атап өтілді

Алматыдағы түрлі этнос пен дін өкілдері Ұлттық кітапхана ғимаратында бас қосып, Рухани келісім күнінің маңызы туралы ойларын ортаға салды. Іс-шараны Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырды. Басты мақсат – ұлттар арасындағы ауызбіршілікті, тұрақтылықты насихаттау. Жыл сайын халықаралық жиындар өткізіліп, түрлі діндер арасындағы түсіністікті арттыруға ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, Қазақстан рухани келісімнің орталығына айналды. Елімізге келіп жатқан шетелдік инвестиция көлемі де еселенді.

Хабар 24 телеарнасы