383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде демалыс күндері жауын-шашынды ауа райы күтіледі

  • 683
  • UPD: 13:59, 19.10.2018
Елімізде демалыс күндері жауын-шашынды ауа райы күтіледі goodfon.ru

Синоптиктер 20-22 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. «Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады, дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температураға дейін, яғни күндіз ауа температурасы плюс 13…20 градусқа дейін жылынады», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы