386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада демалыс күндері СҚО-ның ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

  • 433
  • UPD: 14:41, 19.10.2018
Астанада демалыс күндері СҚО-ның ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

20-21 қазанда Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрақ аймағында өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталмыш шараға Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 115 кәсіпорын қатысады. Онда 100-ден астам өнімдер жиынтығы саудаға шығарылады.

Екі күн өтетін жәрмеңкеге 725 тонна көлемінде азық-түлік тауарының түрлері келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ассортименті - сиыр, жылқы, қой, құс және шошқа еттері, шұжық өнімдері, қалбырдағы ет. Сол сияқты кондитер, макарон бұйымдары, жарма, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп және көкөніс.

Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден күндізгі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Әкелінген өнімдердің бағасы Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан болады.

Жәрмеңкеге келушілерге Солтүстік Қазақстан облысының өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Хабар 24 телеарнасы