383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 358
  • UPD: 18:28, 19.10.2018
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды Kazgazeta.kz

Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, 20-22 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Сонымен қатар, Астана қаласында 20 қазанда түнде және таңертең тұман түседі, көктайғақ күтіледі, 20-22 қазанда оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін күшті жел соғады.

20 қазанда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

20-21 қазан күндері түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде 3 градус үсік жүреді.

Сондай-ақ, Тараз қаласында 20-21 қазанда түнде 1-3 градус үсік сақталады.

Хабар 24 телеарнасы