389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдау басымдықтарын жүзеге асыруда бірлесіп әрекет ету маңызды

  • 584
  • UPD: 20:15, 20.10.2018
Жолдау басымдықтарын жүзеге асыруда бірлесіп әрекет ету маңызды

Елбасы биылғы Жолдауында жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру баршамыз бір мақсатқа жұмылып, күш біріктіргенде ғана мүмкін болатынын айтты.

«Түсінген адамға бұл сөздің астарында үлкен мән-мағына жатыр. Бүкіл қазақстандықтар мемлекетте жүріп жатқан оң үдерістерден шет қалмай, қайта оған өз үлесін қосуы шарт. Өйткені қабылданған бағдарламаларды нақты жүзеге асыру ең алдымен еліміздің әрбір қарапайым тұрғынына байланысты екенін ұмытпауымыз керек», - дейді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовпен кездескен Алматы облысындағы этномәдени бірлестіктер өкілдері.

Бүгінде бұл аймақта тұрғын үйлер мен мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар көптеп салынып жатыр. Жаңа өндіріс ошақтары іске қосылып, қант қызылшасы мен жүгері, бау-бақша өсіру ісі, мал шаруашылығы жанданып, қарқын ала бастады. Дегенмен, тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелер де баршылық.       

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мәселен, әр адам өзінің жеке баспанасы болғанын қалайды. Бірнеше жыл бойы тұрғын үй кезегінде тұрғанымен елімізде әлі күнге дейін пәтер ала алмай жүрген азаматтар аз емес. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін әрине жалақыны өсіру қажет. Жаңғырту жұмыстары нәтижелі болсын десек ең алдымен қоғам жаңғырып, адамның құқықтық сана-сезімі дамуы тиіс. Міне осы мәселелердің бәрін кешенді түрде шеше алсақ, біз міндетті түрде биік-биік белестерді бағындыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы