389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік зейнеткер өзіне тиесілі көмірге қолы жетпей әлекке түсіп жүр

  • 332
  • UPD: 10:40, 22.10.2018

Өскемендегі көмір қоймасының басынан ұзын сонар кезек үзілмей тұр. Тіпті  әлеуметтік бағамен сатылатын көмірді алушылардың көбі бұл жерден құр алақан қайтып жатыр. 

Ал сала басшылары болса, көмірден тапшылық жоқ дегенді алдыға тартады. Тіпті осы айдың ортасынан бастап, қалаға жеткізілетін отын мөлшері біршама көбейтілген екен.

Бақытбек Шаймарданның көмір қоймасына кіріп, өзіне тиісті отынның қашан жеткізілетінін біле алмай жүргеніне бірталай болыпты. Тізімдегі кезегі жылжымай жатқан көрінеді. Мұндағылар бір де бір рет не есікті ашып сөйлеспеген, не телефонға жауап бермеген.

«Әйелім екінші топтың мүгедегі, жиі сырқаттанып қалады, сондықтан қысқа қам жасай алмай жүрмін», - дейді сенделген азамат.

Бақытбек Шаймардан, қала тұрғыны:

- 9-айдың 24-де әкімдікке тізімделгенбіз,сол тізімделгеннен келсек,өзі күрделі жауап та бермейді, осымен 3-рет келуім.

Есентай Ережеп, қала тұрғыны:

- Мен пенсионермін балаларым көмірсіз отыр, қанша тосуға болады, жазылып қойдым, екі айдан кейін аласың дейді, 2 айға тосып, әлеуметтік деген бар бізге беретін, соны әкеп бермейді, баяғыда бергенбіз әлі жоқ.

Бұл жердегілердің көбі көмір шаһарға аз жеткізіліп жатыр, сондықтан да осындай келеңсіздік орын алып отыр деп санайды. Алайда шенеуніктер  бұны жоққа шығарды. Жалпы өлкедегі отынға қажеттілік 1 миллион 141 мың тонна болса, оның 78 пайызы яғни 891 мың тоннасы жеткен екен. Енді  Өскеменге әкелінетін көмір мөлшері 25 пайызға тағы көбейтіліпті.

Асхат Букатов, облыстық энергетика және ТКШ басқармасы  басшысының орынбасары:

- Ол дегеніңіз 19 вагоннан 24 вагонға дейін,орташа тәулікте жеткізу үйлкейтілді. 13-нен бастап осындай ретпен жұмыс істеп жатырмыз.

Мамандардың пайымдауынша, қара алтынға байланысты қарбалас қолдан жасалып жатыр. Біріншіден тұрғындар тапшылықтан қорқып, оны  барынша көптеп алуға тырысуда. Екіншіден алып сатарлар оны  алыс аудандарға апарып үстемелеп сатып, бизнеске айналдыруда. Мәселен, қойма басында  отының 1 тоннасы 9 мың теңгеге жуық болса, қала маңындағы кейбір ауылдарға жеткенше оның құны  20 мың теңгеге дейін өсіп кетеді.

Авторлары: Э.Ахметова. Д.Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы