379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның Кеңтүбек ауылындағы су құбыры жөнделді

  • 716
  • UPD: 11:41, 22.10.2018
БҚО-ның Кеңтүбек ауылындағы су құбыры жөнделді

Тұрғындарды ауыз сумен қамту жөнінен Батыс Қазақстан облысы аймақтар арасында көш соңында.

Егер ел тұрғындарының 57 процент орталықтандырылған су құбырымен қамтылса, Батыс Қазақстан облысында  бұл көрсеткіш 40 процентті құрайды. Осы олқылықтың орынын толтыру мақсатында соңғы жылдары аймақта ауқымды істер атқарылды. Былтыр 55 ауылға су құбырының құрылысы басталса, биыл тағы 31 нысан пайдалануға берілмек. Тіршілік нәрі келіп, қуанышқа кенелген елді мекеннің бірі Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылы. Мұндағы су мұнарасы істен шығуына байланысты кейінгі кезде тұрғындар таза судың тақсіретін тартып келген еді. Енді мейірі қанып, мөлдір су іше алады. Су құбырын жаңғырту жұмыстарына 108 миллион теңге қаралған.

Жақсығали Лұқпанов, ауыл тұрғыны:

- Ремонттарын өзгертіп,  қосымша үй-үйге кіргізіп, халық қазір қанағаттанып, қаладан кем тұрмайды. Әр үйде душ бар, әр үйде ванная бар. Су үйге кіріп тұр, газ үйінде. Өте ризашылығымызды білдіреміз, халықтың атынан рахмет! Осындай бағдарлама ауылдарда бола берсін!

Хабар 24 телеарнасы