383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады

  • 448
  • UPD: 13:57, 23.10.2018
Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады moemisto.ua

Синоптиктер 23-25 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн жылынып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында күндіз ауа температурасы плюс 15...20, кей жерлерде 23..25 градусқа дейін жылиды, тіпті солтүстік, орталық және шығыс аудандарында температура плюс 5…15 градус болады деп күтіледі, ол климаттық нормадан 3…8 градусқа жоғары», - деді «Қазгидромет» өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы