386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да көктайғақтан жол апаты жиіледі

  • 384
  • UPD: 13:39, 22.10.2018

Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері күн райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол көлік оқиғалары тіркелді.

Қылаулап жауған қардан ауданаралық тас жолдарды мұз басып, бірнеше автокөлік жолдан шығып кеткен. Желі қолданушылары мұны жарыса жазып жатыр. Алайда облыстық төтенше жағдайлар департаменті жолаушылардан ешқандай шақыртулар түспегенін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы