389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде еріктілердің қоғамдағы рөлі күшейтіледі

  • 993
  • UPD: 08:32, 23.10.2018
Елімізде еріктілердің қоғамдағы рөлі күшейтіледі

Бұдан былай ерікті жастар ұйымдарының әрекеті заңмен қорғалып, қоғамдағы беделі айқындала түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматыда басталған республикалық еріктілер слетінде айтылды. Оған республикамыздың 17 аймағынан жастар ұйымдарының 100-ден аса өкілі жиналды. Еске салсақ, биыл көктемде қоғамдық даму министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі еріктілердің қоғамдағы рөліне қатысты өзара меморандумға қол қойған болатын. Слет сол келісімнің аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсаты, Қазақстандағы еректілер ұйымын дамыту, Еуропадағыдай беделге қол жеткізу. 2016 жылы еріктілер туралы арнайы заң қабылданған. «Жастар сол заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет», – деп санайды.

Дәурен Бабамұратов, «Жастар үні» ЖҚБ төрағасы:

– Ұсыныстар қазірдің өзінде айтылып жатыр. Жастар еріктілердің қызметін қағазда ғана емес, оның жүзеге асуына қатысты тетіктер болғанын қалайды.

Дамир Мендібеков, Қарағанды медицина университетінің студенті:

– Еріктілердің қоғамдағы рөлі өте зор. Бірақ Еуропа елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда еріктілік жұмысы қатты дамымаған. Осы жаққа келгендегі мақсатым – басқа облыстардан келген еріктілермен бірге волонтерлік тақырыбында ой қозғау, біліктілікті алмастыру.

Хабар 24 телеарнасы