382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсету орындары талапқа сай емес

  • 456
  • UPD: 09:49, 23.10.2018
Қазақстанда жол бойындағы қызмет көрсету орындары талапқа сай емес

Елімізде жол бойындағы қызмет көрсету орындарының дені талапқа сай емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикалық маңызы бар жолдардағы жағдайдың өзі мәз емес. Жолаушыларға ұсынатын ас мәзірінің жұтаңдығы өз алдына, көбіне дәм-тұзы жоқ ауқат ұсынылады. Сақталған мерзімі де күмән келтіруге тұратыны тағы бар. Ал дәретханаларының тазалығы туралы аз айтылған жоқ. Тіпті шенді шенеуніктердің айтқаны ел құлағына жетті. Астана-Щучинск тасжолында қоқыс тастайтын жәшік те жоқ. Құзіретті министрлік өкілдері жағдайдың алдағы бес жылда түзелетініне сендіріп бақты. «Біраз мәселе 2023 жылға дейінгі туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында шешілуі тиіс», – дейді мамандар. 

Абай Қожамжаров, туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы:

– Біз 2023 жылға дейін туризмді дамыту бойынша 10 нысанды белгілеп қойдық. Жоспар бойынша оған Каспий аумағы, СҚО-дағы Шалқар, Имантау және Баянауыл, Шарын шатқалдары кіреді. Егер әр 50 шақырым сайын құрылыс жүргізетін болсақ, ол шағын кемпингке айналады. Әр 100 шақырым сайын салсақ, хостел болады. Осылайша, жолаушылар көлігін қойып, тынығып алатындай жағдай жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы