386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары астаналық медицина қызметкерлерімен кездесті

  • 784
  • UPD: 15:45, 23.10.2018

Мәжіліс депутаттары ақ халатты абзал жандармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанадағы №10 емханаға барған құрметті меймандар емделушілердің жағдайын сұрап, Елбасы Жолдауында қамтылған азаматтардың әл-ауқатын арттыру маңыздылығы сынды негізгі бағыттарды түсіндірді. Өз кезегінде білікті дәрігерлер науқастарды емдеуде қолданылатын заманауи құрылғылардың жұмысымен таныстырды. Айта кетейік, 565 маман қызмет атқаратын медициналық мекемеде 83 мың 400 тұрғын тіркеулі. Олар 290 түрлі зертханалық тексерістен өте алады. Әрбір азамат үшін медициналық көмекті тегін алу тетіктері де қарастырылған. Еске салайық, сала мамандарының жалақысын көтеру үшін келер жылы бюджеттен 5 млрд теңге қаражат бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы