383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенаторлар аймақтардағы баспана тапшылығы мәселесін көтерді

  • 468
  • UPD: 20:56, 23.10.2018

Мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне «7-20-25» бағдарламасына қатысуға жеңілдік беріледі.

Бұл туралы бүгінгі кездесуде «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков Сенат депутаттарымен кездесуде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл азаматтар үшін алғашқы жарна төмендетіледі. Шымкент пен Ақтөбе қалалары, Алматы, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері бұл жөнінде меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда пәтер алуға жалпы сомасы  44,5 млрд теңгені құрайтын 3 752 өтініш қабылданғанын, Олардың  2 513-і мақұлданды. Сондай-ақ Алтынбеков  қолданыстағы үйлерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» бағдарламасының ашылғанын хабарлады. Оған сәйкес несие 15 жылға дейін беріледі.

Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы:

- Бағдарлама бойынша үйге сұраныс көп болғандықтан  ҚБ өзі бағдарламаға өзгеріс енгізіп, 150 миллиард теңгеге ақша бөлу жергілікті әкімдіктерге қарастырылған. Біздің болжам бойынша ол қаражатқа әр 2 жыл сайын 15 мыңға жуық пәтер салуға мүмкіндік бар.

Ал сенаторлар ел өңірлерінде тұрғын үй тапшылығы мәселесін көтерді. Олардың айтуынша, пәтердің басым бөлігі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысында салынады. Оған қоса «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініштерді қарау мерзімі де тым ұзақ. Қарызы барларға баспана алу тіпті қолжетімсіз болып тұр. Осы орайда, депутаттар болашақта өтініштер қаралатын нақты уақытты бекітуді сұрады.

Хабар 24 телеарнасы