387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай тұрғындарына 326 мың тонна көмір жеткізілді

  • 409
  • UPD: 23:55, 23.10.2018

Қостанай облысында халықты көмірмен қамту жоспары толық орындалды. Тұрғындарға қажетті көлемде 326 мың тонна қатты отын темір жолмен жеткізілді.

Астық тасымалы мәселесі де ойдағыдай. Жыл басынан бері вагондармен 2,8 миллион тонна бидай жөнелтілген. Оның 2,1 миллионы экспортқа тиесілі. Енді қамбаға құйылған жаңа өнімнің 3 миллионға жуық тоннасын шойын жол желісімен тасымалдау көзделген. Шаруалар тарапынан бидай тасуда контейнерлі вагондарға сұраныс арта түскен. Оның артықшылығы тауарды діттеген жеріне шұғыл түрде жеткізіп, уақытты үнемдеуінде. Мұндай әдіспен каңтар-қыркүйек айларында Заятск, Қостанай, Есіл бекеттері арқылы 7 мың тоннадан астам дәнді-дақыл тасымалданды.              

Берік Қайдаров, ҚТЖ жүк тасымалы бөлімшесінің ҚОФ директоры:

- Облыстағы барлық станцияларға күніне 200-дей вагонды уақытылы жеткізіп тиеуге дайындап қоямыз. Алайда жүктің құжаттарын рәсімдеуге, рұқсат алуға бес тәуліктей уақыт жұмсалады. Соның салдарынан біздің қарамағымыздағы мыңға жуық вагон жұмыссыз бос тұруға мәжбүр.

Хабар 24 телеарнасы