384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қала әкімдерінің саммиті өтіп жатыр

  • 300
  • UPD: 23:58, 23.10.2018

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық жиынға әлемнің 24 мемлекетінен 250 делегат қатысып отыр.

Шара Алматының алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясының 40 жылдығы және Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы аясындағы «Дені сау қала» желісінің 30 жылдығына орайластырылған. Жиынға қатысушылар «салауатты қалалар» желісін құру мәселесін талқылап, «Алматы үндеуі» атты халықаралық келісімге қол қойды. 

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Бүгінгі саммиттің күн тәртібінде денсаулық сақтау қызметімен барша әлеуметтік қамту, медицина-санитарлық алғашқы көмекке көңіл бөлу және Алматы декларациясының мұрасындағы қаланың ролін сақтау сияқты өзекті мәселерлерді қамтымақ. 

Тоғжан Есбергенова, қалалық №2 емхананың бас дәрігері:

- Халқымыздың денсаулығына өте көп көңіл бөліп жатыр. Елбасымыздың өзі үлкен көңіл бөліп жатыр. Бізде көптеген денсаулық программасы бар. Іске асуына біздер үлкен іс-шаралар жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы