386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада туберкулезді емдеудің заманауи тәсілдері талқыланды

  • 464
  • UPD: 14:13, 24.10.2018

Отандық медицина саласының мамандары халықтың денсаулық деңгейін жақсарту және өлім-жітім көрсеткішін төмендету бағытындағы тәжірибесін шетелдік әріптестерімен бөлісуде.

Ақхалатты абзал жандар ертең басталатын жаһандық конференция қарсаңында бас қосып, саладағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Әсіресе туберкулез дертін емдеудің заманауи тәсілдеріне ерекше ден қойылды. Мамандардың айтуынша, елімізде екі сағаттың ішінде адам ағзасында туберкулез таяқшасының бар-жоғын анықтауға болады. Осылайша ауруды барынша тез әрі нәтижелі емдеуге мүмкіндік бар. Елімізде туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші жыл сайын төмендеп келе жатқанымен, аурудың алдын алу жұмыстарын барынша дамыту керек дейді жиынға қатысушылар. 

Шейла Дэвис, «Денсаулық үшін серіктестер» ҚҰ клиникалық мәселелер бойынша директоры:

- Біз Қазақстанмен 10 жылдан астам уақыт бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – туберкулез дертінің алдын алу. Қазіргі кезде қол жеткізген жетістіктеріміз де жаман емес. Жалпы, біздің қайырымдылық ұйым 11 мемлекетпен байланыс орнатқан. Айта кетерлік жайт, өзге елдерде Қазақстанның тәжірибесі жоғары қолданысқа ие.

Мәлік Әденов, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:

- Қазақстан халықаралық деңгейде көп елдерге үлгі ретінде көрсетіліп жатыр. Оның аясында цифрландыруға өтіп, қағаздық құжаттарды толтырудан арылуымыз. Соның арқасында бүгінгі шығындарды 25 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіншілік туып отыр. Сол қаржыны өзіміздің денсаулық саласындағы басқа өзекті мәселелерге тиімді қолдануға қол жеткізіп жатқандығы бүкіл әлемге үлгі ретінде көрсетіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы