386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарлығаш ұя салғанда» телехикаясының алғашқы бөлімі «Хабар» арнасынан 29 қазанда көрсетіледі

  • 1929
  • UPD: 20:28, 24.10.2018

Астанада «Қарлығаш ұя салғанда» атты телехикаяның тұсаукесер рәсімі өтті.

«Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген бұл туындының премьерасына фильмнің басты рөлдерін сомдаған Кәмшат Жолдыбаева мен Еркебұлан Дайыров қатысты.

12 сериядан тұратын бұл телехикая нәзік жанды болса да қайсар мінезді Қарлығаштың өмірін баяндайды. Мансап қуып, тұрмыс құруды ұмыт қылған 32 жастағы кейіпкер жалғыздық мәселесін шешуге бел буады. Осы сәтте қосағынан айырылып, бір өзі үш қыз тәрбиелеп отырған Тасқынды кезіктіреді. 

Айкүміс Сексенбаева, «Хабар» арнасының бағдарламалар директоры:

– «Хабар» Агенттігінің тапсырысы бойынша жылына он шақты сериал түсіріледі. Олар әртүрлі жанрда. Детектив, комедия, мелодрама. Бүгін біз «Қарлығаш ұя салғанда» сериалының тұсауын кесіп жатырмыз. Сериалдағы басты мәселе –отбасылық құндылықтарды сақтау.

Басты рөлдерде - Еркебұлан Дайыров пен Кәмшат Жолдыбаева. Соңғысы бұған дейін де «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен экранға шыққан сериалдарда ойнаған. Көрерменге «Тракторшының махаббаты», «Өгей жүрек» телехикаялары арқылы таныс.

Кәмшат Жолдыбаева, актриса:

– Жас ана, әке, әпке болсын, бұл сериалдан өздерін таниды. Өздеріне сырт көзбен қарайды. Және сабақ алады деп ойлаймын. Жалпы бұл – қоғамдық тақырыпта түсірілген сериал.

«Қарлығаш ұя салғанда» телехикаясының алғашқы бөлімі қазанның 29-ы 19:15-те экранға шығады. Махаббат драмасын дүйсенбіден бейсенбіге дейінгі күндері «Хабар» арнасынан көруге болады.

Авторлары: Ж.Біркенов және А.Сәметов

Хабар 24 телеарнасы