389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алғашқы медициналық-санитардық көмек жөнінен Алматы декларациясына 40 жыл толды

  • 1087
  • UPD: 09:40, 25.10.2018

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нығайтылып, оның нәтижесін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жоғары бағалаған.

Бұған негіз де жоқ емес. Себебі әлем бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудың негізі біздің елімізде қаланған болатын. Еске салсақ, 1978 жылы Алматыда бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Алматы декларациясы қабылданды. Тарихи құжаттың қабылдануына бастамашы болған тұлғалардың бірі сол кездегі еліміздің денсаулық сақтау министрі Төрегелді Шарманов болатын.

1978 жылы 12 қыркүйекте  Алматыда 157 елдің өкілдерінің басын қосқан ауқымды халықаралық медициналық конференция өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қолға алынған шараның Алматыда өтуі табанды еңбекпен келгенін, қазір, біреу білсе, біреу білмейді.

Төрегелді Шарманов, м.ғ.д., профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

- Ташкент бейресми орталық болғандықтан оған дүниежүзінде не жаңалық бар, не мүмкіншілік бар сол Ташкентте төге беретін. Өзбекстанның орталығы біздің бүкіл орта азия халықтарының мемлекеттерінің орталығы болдып саналатын ол кездерде. Ал мен үзілді кесілді қарсы болып тұрып алдым. Москваға шықтым. Женеваға шықтым.

Беделді ұйымның сарапшылары таласқа түскен бес қала - Алматы, Ташкент, Новосибирск, Баку, Тбилисиді аралап, сол кездегі еліміздің астанасы Алматының мүмкіндігін жоғары бағалайды.

Төрегелді Шарманов, м.ғ.д. профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

- Женеваға барғаннан кейін хабарлапты «нет лучшего места проведение конференции чем Алматы деп. Бітті. Содан бізде өтті. Оңай болған жоқ. Оны көрсетудің өзі қиын болды. Артынан ошелемляющим успехом Алматыда өтті деп бәрі сосын шықты ғой.

Конференцияда қабылданған медицина саласының «Ұлы хартиясы» аталған декларация арада 40 жыл өтсе де маңызын жойған жоқ. 

Төрегелді Шарманов, м.ғ.д. прфессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

- Бірінші мақсат 2000 жылы адам баласының денсаулығының жақсартудың көрсеткіші балалардың өлімі азаюы керек болды. Сол мүмкіншілік іске асты. Сол мүмкіншілік іске асқаннан кейін адамның денсаулығы әжептеуір деңгейге көтерілді деп есептеймін. Сондықтан да дүниежүзінің қауымдастығының мойындауынша Алматы конференциясында қабылданған декларация іске асты.

Бастапқы медициналық көмек туралы Алматы декларациясының қабылдануы -медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы Төрегелді Шармановтың медицинаға қосқан өлшеусіз үлесінің бір парасы ғана. Шармановтың жетекшілігімен жылдар бойы жүргізілген ғылыми ізденістердің арқасында дұрыс тамақтанудың ғылыми сараптамасы жасалып, өмір салтына енгізілді.  

Төрегелді Шарманов, м.ғ.д. прфессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

- Мен ойлаймын өмірде мақтанатын жағдай болса, адам қуанатын болса, адамның ар ұяты намысы ұлт деген жүрегі соғатын болса, мен ойлаймын, мен өзімше соған жауап берген адаммын деп есептеймін.

Жасы тоқсанға таяса да, қимылы ширақ, санасы сергек Шарманов, қазақстандықтар үшін салауатты өмір салтын ұстанудың нағыз мысалы дер едік.

Авторы: Гүлжан Каленқызы

Хабар 24 телеарнасы