389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы ауруханалар қызмет сапасын үнемі жетілдіріп отырады

  • 850
  • UPD: 11:13, 25.10.2018

Корея медицинасы жетістіктерінің басты себебі - күшті бәсеке. Осыдан жиырма жыл бұрын бұл елдегі ауруханалардың басым бөлігі жеке меншікке ауысқан болатын.

Бүгінде медициналық мекемелердің тек 5 пайызын ғана мемлекет басқарады. Бәсеке - прогреске жетелеуші күш. Сондықтан ауруханалар қызмет көрсету сапасын үнемі жетілдіріп отырады. 

Бұл ауруханада тәулігіне бес мыңдай адамды қабылдайды. Бірақ ұзын-сонар кезек жоқ,  тіркеу бөлімінің кеңесшілеріне арнайы дүңгіршектердің көмегі көп. Олар арқылы халық дәрігерге жазылып, рецепт ала алады, және кабинеттердің қайда орналасқанын біле алады. Сеул ұлттық университеті жанындағы Бундан госпиталі осыдан 15 жыл бұрын салынған. Құрылғанынан бастап, сырқатнамаларды қағазға жазбайды. Бүкіл дерек компьютерде сақталады. Ал әрбір бөлімшеде осы мәліметті ашуға болатын интерактивтік тақталар бар. Ауруханада емделетін әрбір науқас электронды білезік тағып жүреді. Хал-жайы мен дәрі қабылдауы туралы ақпарат уай-фай арқылы дерекқорға түседі.  

Хван Хи, Сеул ҰУ жанындағы Бундан госпиталі бөлімінің жетекшісі:

- Осындай бағдарламаларды әдетте инженерлер жасап шығарады. Ал біздің бағдарламамыздың жасауына, дизайнынан бастап сынаққа дейінгі бүкіл кезеңіне дәрігерлер, медбикелер, лаборанттар мен көлік жүргізушілер қатысқан. Мамандарымыз өз жұмысын өздері жеңілдетті деуге болады.

Шетелден келген науқастарға өз тілінде қызмет береді. Осындай кеңесшілердің бірі Қазақстан тумасы Сергей Ким. Ол осыдан 30 жыл бұрын Қызылордадан көшіп кеткен. Алдымен Санкт-Петерборда оқып, жиырма жыл бұрын Кореядағы магистратураға оқуға түсіп, осында қалған. Сергейдің пікірінше, жергілікті медицина жетістігінің сыры ауруханалар өзара бәсекесі мен озық технологияларды жұмысына тез ендіруінде жатыр.

Сергей Ким, Сеул ҰУ жанындағы Бундан госпиталінің профессоры:

- Кореяда түрлі жаңа технологияларды тез арада қабылдайды. Шамамен 7-8 ай кетеді, бұл өте қысқа мерзім. Өзге елдерде медициналық жаңа технологияларды ендіруге көптеген жылдар кетеді.

Табысының тағы бір себебі медициналық сақтандыру жүйесі. Науқас еміне кеткен шығынның 20-30 пайызын өзі төлесе, қалғанын сақтандыру қоры өтейді. Ал егер қатерлі ісік секілді қауіпті немесе сирек кездесетін дертке шалдықса, шығынының 95 пайызы өтеледі. Алайда Корея дәрігерлерінің өздері осындай жетістікке жетудің жолы ұзақ әрі қиын болғанын мойындап отыр. Бұл елде медициналық сақтандыру жүйесін 1977 жылы ендіре бастаған еді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы