382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы-Астана» бағытындағы пойызда жас жігіттер төбелес шығарған

  • 303
  • UPD: 14:31, 25.10.2018
«Алматы-Астана» бағытындағы пойызда жас жігіттер төбелес шығарған АО "Пассажирские перевозки"

4 қазан күні «Алматы-Астана» бағытындағы №701 пойызының 20-шы вагонында жолаушылар қоғамдық тәртіп ережелерін бұзған.

Жас жігіттер жолсеріктердің ескертулеріне мән берместен, жол бойы ішімдік ішкен. Купенің ішіндегі құрал-жабдықтарды сындырған бұзақыларды ІІЖБ қызметкерлері қолға түсірді.

Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның шығыны анықталып, оны кінәлілер төлейтін болады.

«Құрметті жолаушылар!

Ай сайын вагондардың ішін жақсарту үшін ондаған миллион теңге жұмсалады. Жолаушылар пойыздың ішкі құрал-жабдығын ұқыпсыз пайдаланып, қиратқан уақытта тасымалдаушыға үлкен шығын келеді.

Сіздерге жолда қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін мүлікті ұқыпты пайдалануларыңызды сұраймыз.

Сіздерден қоғамдық тәртіп нормаларын, қоғамдық көлікте жүру ережелерін сақтауларыңызды, сіздерге қызмет көрсететін және бір пойызда кетіп бара жатқан адамдарға мәдениеттілік пен сыйластық танытуларыңызды сұраймыз», делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінде.

 

Хабар 24 телеарнасы