384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде полицияның киім үлгісі өзгереді

  • 770
  • UPD: 15:29, 25.10.2018

Елімізде полиция қызметкерлерінің киім үлгісі өзгереді. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

Ведомство басшысы тәртіп сақшыларының жаңа формасы күнделікті киюге ыңғайлы әрі заман талабына сай болады деді. Сала басшылары нақты киім үлгісі дайын болғанда оны көшілікке таныстырмақ. Бастысы – аталған формаларды тек отандық кәсіпорындар тігетін болады. Оған қанша қаражат жұмсалатыны қазір  есептеліп жатыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қазіргі формамыз кеңсе қызметкерлерінің киіміне ұқсайды. Ол тәртіп сақшыларына тым қолайсыз. Сондықтан 1 жылдан бері жаңа киім үлгісін әзірлеумен айналысып жатырмыз. Дайын болғанда көпшілік талқылауына ұсынамыз. Кейін отандық фабрикаларға тапсырыс береміз. Соңғы рет полиция қызметкерлерінің формасы 2001 жылы ауысқан.    

Одан бөлек ведомство басшысы әйгілі фигурист Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істің зерттеліп біткенін айтты. Жуырда барлық материал сот қарауына жіберілмек.

Хабар 24 телеарнасы