Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жол» вокзалы 7 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен

  • 377
  • UPD: 15:35, 25.10.2018
«Нұрлы жол» вокзалы 7 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ

Биыл ашылғанына екі жыл толған «Нұрлы жол» вокзал кешені арқылы осы аралықта 7 миллионнан астам жолаушы мен келушілерге, 1156 ұйымдастырылған топқа қызмет көрсетілген.

Оның 523-і балалар топтары болса, жолаушылардың ішінде 6500 адам мүмкіндігі шектеулі жандар болған.

Вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, кешенді жетілдіру, нақтырақ айтқанда, логистиканы жақсарту және сервистік қызметті кеңейтуге қатысты жетістіктерді ерекше атай кеткен жөн.

«Технологиялық аймақ – келу залдарының ашылуы вокзалда қосымша 12 эскалаторды іске қосу арқылы жолаушылардың қарама-қарсы ағынын жоюға мүмкіндік берді. Жолаушылар қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында виджет табло кестесі қайта қарастырылып, ол екіге, яғни келетін пойыздар қозғалысының және жөнелтілетін пойыздар қозғалысының кестесі болып бөлінді. Қызмет сапасын арттыру үшін кешенде басқа да жұмыстар жүргізіліп келеді», - дейді Н.Аманжолов.

Тағы бір айта кетерлігі – жолаушыларға жайлы болу үшін тегін балалар ойыны алаңы, намазхана ашылды. Сонымен қатар қазпошта, массаж орындықтары, сувенир сататын дүкендер мен өзге де қызметтер пайда болды.

Хабар 24 телеарнасы