384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылжымайтын мүлікке құқық тіркеу қызметін онлайн алу мүмкіндігі қарастырылмақ

  • 496
Жылжымайтын мүлікке құқық тіркеу қызметін онлайн алу мүмкіндігі қарастырылмақ

Парламент Мәжілісінің депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында болып, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу қызметімен танысты,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Әділет министрлігінің құзырында болған бұл қызмет шілде айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өткен болатын. Бұл мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Мемлекеттік корпорация төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, алдағы уақытта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу қызметін онлайн жүйеде алу мүмкіндігі қарастырылмақ. 3 айда мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы 300 мыңнан астам жылжымайтын мүлікке құқық тіркелген.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Республика бойынша Алматы қаласында ең жақсы жаңа үрдістер жүргізіліп отыр. Жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселесіне келетін болсақ, бұл салада да шешімнің тез шығуына, мемлекеттік тіркеудің тез арада орындалуына жағдайлар жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы