376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ауыл» ХДПП Жолдауды жүзеге асыру жоспарын бекітті

  • 870
  • UPD: 09:47, 26.10.2018

Елбасының биылғы Жолдауында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеретін біршама бастама айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды «Ауыл» партиясы да қолдайды. Осы мақсатта саяси ұйымның кеңесі кеңейтілген отырыс өткізіп, Жолдауды жүзеге асыруға қатысты атқарылатын жұмыстардың бағытын белгіледі. Солардың бірі ұстаз мәртебесіне арналды. Яғни партияның өңірлердегі өкілдері мұғалімдермен кездесу өткізіп, қабылданатын заңға қатысты жергілікті оқытушылардың ұсынысын жинақтайды. Және оны тиісті органдарға тапсырмақ ниетте. Сондай-ақ саяси кеңес президиумында партияның аймақтардағы филиалдарының Жолдауды насихаттауға арналған іс-шаралар жоспары да пысықталды.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

– Төменгі жалақы алатын азаматтардың көпшілігі ауылда тұрады және ауылды жерде қызмет істейді. Әсіресе, орта техникалық кіші қызметкерлердің айлық жалақысы өте төмен. Сондықтан жалақының артуы өңірдің тұрмыс-тіршілігін жақсартуға оң әсер етеді. Жолдаудың төңірегінде атқаратын жұмыстар өте көп.

Хабар 24 телеарнасы