386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алқабилер жұмысының аясы кеңейеді

  • 445
  • UPD: 13:15, 26.10.2018
Алқабилер жұмысының аясы кеңейеді

Алқабилер соты – халық пен мемлекет арасындағы алтын көпір.

Сәйкесінше, қоғам мен қарапайым азаматтардың мүддесін қорғайтын алқабилер институтын жетілдіру керек. Осы мәселеге орай бүгін еліміздің Жоғарғы соты Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен бірлесе, арнайы жиын өткізді. Жалпы алқабилер қатысуымен іс жүргізу жүйесі бұдан 11 жыл бұрын енгізілген. Осы аралықта бір мыңнан астам іс қаралды. «Алайда қаралатын істердің қатары өте аз», – дейді мамандар. Сондықтан алдағы уақытта олардың санын көбейту жоспарланып отыр. Егер бастама қолдау тапса, алқабилер соты ірі көлемдегі есірткі тасымалына қатысты істерге де атсалысады.

Әділ Құрықбаев, ҚР Жоғарғы сотының судьясы:

– ҚР-да алқабилер іс қарау формасын қолдап, оны әрі қарай жетілдіру мәселесін қою керек.

Хабар 24 телеарнасы