386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар ауаға тарап жатқан жағымсыз иіс туралы шағымдануда

  • 509
Атыраулықтар ауаға тарап жатқан жағымсыз иіс туралы шағымдануда

«Атырау облысының қоршаған ортаны ластауды азайту» туралы кешенді бағдарлама қабылданды.

Бұл бағдарлама тұрғындарының қоршаған ортаға тарап жатқан жағымсыз иіс туралы шағымдарының негізінде қолға алынды. Шынында, өнеркәсіп ошақтары жиі қоныстанған облыс орталығының ауа райы сын көтермейді. Тек өткен 9 айда табиғат пайдаланушылар тарапынан еліміздің экологиялық талаптарын бұзғаны туралы 248 дерек тіркеген. Қоршаған ортаға тарайтын зиянды қалдықтарды шектен асырған мекеме-кәсіпорындарға 7 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Биылдан бастап Атырауда ауа мен су және топырақтың шектен тыс ластануын болдырмау мақсатында бірқатар шара қолға алынады.

Қайратқали Хайролла, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

– Жаңадан салынатын лас суларды тазалау кешені, қоқыс полигонын жауып, жаңасын салу, сонымен қатар әрбір үлкен кәсіпорындарға нақты шаралар қабылдау үшін осы жоспар ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы