389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында апатты жағдайдағы көпірлер жөнделуде

  • 394
Алматы облысында апатты жағдайдағы көпірлер жөнделуде

Алматы облысындағы апатты жағдайдағы көпірлерді жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр 266 өткел мен 7 мыңға жуық су өткізгіш құбырларға зерттеу жүргізілген. Сол кезде апатты жағдайдағы нысандар тізімге алынған болатын. Жөндеу жұмыстарын үш кезеңге бөліп жүргізуге шешім қабылданды. Бастапқы жұмыстар техникалық құжаттарды жасауға арналады. Жалпы су өткізгіш құбырларды жөндеуге 44 миллион теңге бөлініп отыр. Орташа жөндеу жұмыстары 7 көпірге жүргізілетін болады.

Ержан Жасыбаев, облыстық жолаушы тасымалы және автожол басқармасының басшысы:

– Қазір бізде күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары бар. Алдағы жылы оған бюджеттен қаражат бөлінеді. Бір сөзбен айтқанда, апатты жағдайдағы көпірлер енді кезең-кезеңімен жөнделе береді.

Хабар 24 телеарнасы