386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдаудағы тапсырмалардың жүзеге асуы түрлі саланың қызмет сапасын арттырады

  • 594
  • UPD: 20:52, 26.10.2018

Алматы облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі 556 миллиард теңгеге жетіп, бөлшек саудадағы тауар айналымы 7 проценттен асқан. Ал  құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 процентке артты.

Әлеуметтік салада да ілгерілеу бар. Орталықта ғана емес, аймақтың аудан, ауылдарында игілікке берілген үй, мектеп, аурухана, балақбақша көп. 

Талдықорған қалалық емханасында баяғыдай кезек жоқ. Қазір мұндағы жұмыс кестесіне электрондық кезек енгізілген. Емделуші үйінен шықпастан дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Тағы бір жаңалық – медициналық құжаттар толтырудағы қағазбастылық жойылған. Дәрігерлер түрлі анықтамалар мен жолдамаларды толтырып отыру үшін уақыттарын босқа жоғалтпайды. Мұның барлығы енді компьютерде тұрады. Жақында «электронды денсаулық төлқұжаты» деген бірыңғай жүйе енгізіледі. Емделушілер туралы ең қажетті ақпараттың барлығы соған жинақталады. Денсаулық саласы қызметкерлері бұған бек қуанышты. Дей тұрғанмен, Елбасының Халыққа Жолдауында сала қызметкерлерінің айлық жалақыларын өсіру жөніндегі жаңалықтың орыны бөлек деуге болады.

Ғалия Қожахметова, учаскелік дәрігер-терапевт:

- Біздің Қазақстан бойынша 10 мыңдай учаскелік дәрігерлер бар, 30 мыңдай учаскелік медбикелерге 20 процент жалақы ақысы қосылайын деп жатыр. Бұл біздің қызметіміздің сапасының жоғарылауына көптеген септігін тигізеді.

Ал кейбір кәсіпорындардың басшылары олардан қалыспай өз ұжымдарындағы жұмысшы-қызметшілердің айлықтарын көбейтуге шешім қабылдап отыр. Мәселен, Талдықорғанның байырғы аккумулятор зауытында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорын кейінгі 17 жылдың ішінде өнім көлемін 10 есеге көбейтсе, экспорт көлемін 12 есеге ұлғайтқан. Зауыт бүгінде республика аумағындағы аса ірі экспортерлердің бірі болып саналады. Өнімдерінің 70 проценттен астамы шет елдерге шығарылады. «Мұның барлығы ұжымдағы қарапайым адамдардың еңбектері арқасында мүмкін болып отыр. Сондықтан біз олардың айлық жалақыларын өсіруді ойластырып жатырмыз. Елбасы Жолдауында «Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс. Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет» деп айтылды. Бұл сөздер бізді одан әрі жігерлендіре түсті»,-дейді кәсіпорын басшылығы.

Бақытгүл Күдеринова, зауыттың қаржы директоры:

- Біз ойлаймыз, экспорттың пайызын көбейте береміз жылдан-жылға. Өйткені сұраныс көбейіп жатыр жылдан-жылға. Біздің аккумуляторлар өте сапалы әрі бағасы да ыңғайлы.

Облыс орталығындағы мына биік үйлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Бұл қаладағы ең биік әрі зәулім баспаналардың бірі болмақ. Бүгінде одан пәтер алуға шешімі шыққан тұрғындардың қатары 50-ден асты. Ал ондаған адамның өтініштері қаралып жатыр. Аймақта 34 мектеп сабақты 3 ауысыммен жүргізеді. Қазір 15 мектептің жобалық-сметалық құжаттары жасалуда. Кезекте тағы 11 мектептің құжаты тұр. Демек, үш ауысымды мектептер мәселесінің толық шешілетін уақыты алыс емес.

Авторлары: Тілеуқабыл Мыңжасар, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы