383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жолдауы Алматыда депутаттардың көшпелі отырысында талқыланды

  • 319
  • UPD: 20:34, 26.10.2018
Елбасы Жолдауы Алматыда депутаттардың көшпелі отырысында талқыланды

Елбасының халыққа жолдауын құқық қоғау қызметкерлері арасында түсіндіру мақсатында Алматыда Мәжіліс депутаттарының көшпелі отырысы өтті.

Онда Прокуратура және құқық қорғау саласын модернизациялау жайы қаралды. Былтыр елбасының бастамасымен қабылданған заң аясында электронды іс жүргізу енгізілген болатын. Жаңа әдіс саладағы жұмысты бір жүйеге келтіруге мүмкіндік берді. Апта басынан бері республикамыздың өңірлерін аралап ел арасында жолдаудағы міндеттерді түсіндірумен айналысқан депутаттар, конституциялық заңның сақталуы мен құқықтық заңбұзушылықтарға жол бермеу маңызын атады.

Нұрлан Әбдіров, Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Ол электрондық қылмыстық іс жүргізу, әрине оның саны соншама көп емес шығар,  біз 10 мыңдай. Қалай да болса, бұл бастамасы. Енді біздің мақсатымыз депутаттардың соны әрі қарай итермелеп жібері, ол электронды қылмыстық іс жүргізу не береді? Біріншіден, қылмыстық іс жүргізуі  белгілі бір қажетті мөлшерде ашық болады, екіншіден құжаттарының барлығы дұрыс толтырылып бүкіл заңға сай болып, және олар ешқайда жоқ болып кетпейді. Оны жоқ  қылуға мүмкінжік болмайды. Оған ешқандай өзгеріс енгізуге  ешкімнің мүмкіншілігі болмайды.

Хабар 24 телеарнасы