383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Атырау облысындағы қоршаған ортаны ластауды азайту» туралы бағдарлама қабылданды

  • 283
  • UPD: 21:50, 26.10.2018

«Атырау облысындағы қоршаған ортаны ластауды азайту» туралы кешенді бағдарлама қабылданды.

Бұл бағдарлама тұрғындардың шағымдары негізінде қолға алынған. Шынында да, өнеркәсіп ошақтары жиі қоныстанған облыс орталығының экологиялық ахуалы сын көтермейді. Тек өткен 9 айда табиғат пайдаланушылар тарапынан еліміздің экологиялық талаптарын бұзғаны туралы 248  дерек тіркеген. 

Мемлекеттік қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ та пайдалануға болады. «Азаматтарға арналған Үкімет» порталының электронды мүмкіндіктері бүгінде Павлодар халқы үшін қолжетімді. Аймақта электронды сервистер  жөнінде ақпарат тарату мақсатында жадынамалар тарату акциясы жүріп жатыр. Шараны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас Жемқорлыққа қарсы күрес  Агенттігінің  мониторинг тобы ұйымдастырған. Мақсат -  Халыққа қызмет көрсету орталығындағы кезекті азайтып, мемлекеттік ұйымдардың әлсіз тұстарын анықтау. 

Алматы облысындағы апатты жағдайдағы көпірлерді жөндеу жұмысы басталды

Былтыр 266 өткел мен 7 мыңға жуық су өткізгіш құбырларға зерттеу жүргізілген. Сол кезде апатты жағдайдағы нысандар тізімге алынған.  Сөйтіп, 7 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Көкшетаудағы қоғамдық көліктерге автоматты төлем жүйесі орнатылады

Яғни халық қазіргідей жолақысын кондукторға емес, терминалға төлейді. Бұл жаңашылдықты кейбір автобус парктері жыл соңында бастамақшы. Ал қоғамдық көлікте жеңілдікпен немесе тегін жүретін азаматтар үшін бөлек арнайы карта жасалады. Жаңа электронды төлем жүйесін толықтай енгізу үшін кемінде 150 млн теңге қаражат қажет екен. Сондықтан бұл жұмыс, біртіндеп жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы