386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық болашақ сарбаздар әскери өнердің қыр-сырымен танысты

  • 583
Атыраулық болашақ сарбаздар әскери өнердің қыр-сырымен танысты

Биыл Атырау облысында көктемгі және күзгі шақыру маусымында 1600 сарбаз әскерге аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Жергілікті қорғаныс істері департаментінің мамандары жауынгерлерді жасақтауда еш қиындық туындамағанын айтады. Айтуларынша, қатарға алынуға құлшынып тұрған жас көп. Бұған аймақта әскери-патриоттық жұмыстардың барынша күшейтілуі себеп. Мәселен, бүгін әскери бөлімшеде өткен арнайы жиынға аудан, ауылдық елді мекендерден шақырылған 200-ден астам болашақ сарбаз қатысты. Олар әскери өнердің қыр-сырымен танысып, жауынгерлік өмірмен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Алтынбек Асылжанов, колледж студенті:

– Мақат ауданынан студенттер болып жиналып келдік. Мұнда түрлі автоматтар және де әскери өмірді, казармаларды қызықтап, біздің әскерге деген қызығушылығымызды арттырып жатыр. Бұйырса, жасымыз келгенде, отан қорғауға дайынбыз.

Аслан Бүркітәлин, облыстық қорғаныс істері департаментінің басқарма басшысы:

– Болашақ ұрпағымыздың, оқушылардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және отандық қорғаудағы әскери қызметтің рөлін көрсету. Аталған іс-шарада әскери бөлімдерде қолданылатын қару-жарақтар, байланыс құралдар және әскери техникалар көрсетілуде. Осындай іс-шаралар әр тоқсан сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы