384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының шаруалары Астанадағы жәрмеңкеге 730 тонналық өнім әкелді

  • 436
  • UPD: 21:55, 27.10.2018

Астананың 20 жылдығына арналған аймақтар жәрмеңкесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы елордаға Ақмола облысының шаруалары өз өнімдерін әкелді. Оның ішінде 174 тонна ет, 34 тонна сүт сүт өнімдері және 300 тонна картоп бар. Бұл тауардың барлығы қала тұрғындарына арзан бағамен ұсынылып отыр.

Ақмола облысының әкімшілігі бұл жәрмеңкеге ерекше дайындалғаны көрініп тұр. Аймаққа қарайтын 17 аудан мен 2 қаладағы шаруалардың басын қосып, Астана тұрғындарына 730 тонналық өнім әкелген. Оның ішінде бәрі бар. Сапасы жоғары. Бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан.

Фатима Жұмабекованың компаниясы іске қосылғалы бір жылдан асыпты. Осы жәрмеңкенің арқасында жарнамасын жасап, кәсібін дөңгелетіп келеді. Дәл осылай өңірдегі 100 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушіге керемет мүмкіндік беріліп отыр. Бұл жұмыстың барысымен облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің өзі келіп арнайы танысып шықты.

Асқарбек Үйсімбаев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

– Астаналықтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге әрқашан дайынбыз. Ет өнімдерін жақсы саудалап жатырмыз.

Негізі жергілікті тұрғындардың дәл осы өңір өнімдеріне ықыласы ерекше. Өйткені Ақмоланың аудандары Астананы қоршай орналасқан. Сәйкесінше, жыл он екі ай ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ал елорданың 20 жылдығына арналған дәл мына жәрмеңкеге келем десеңіз «Қазақстан» спорт кешені маңындағы алаңға асығыңыз.

Авторлары: Аслан Қаженов, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы