383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында туристік нысандарға QR-код орнатуға 16 млн теңге бөлінді

  • 519
  • UPD: 07:51, 28.10.2018

Жамбыл облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, негізгі туристтік нысандарға  QR-код тақтайшалары орнатылып жатыр.

Бұл жұмыстарға  облыстық бюджеттен 16 миллион теңге бөлінген. «Тараз тур»  мобильдік қосымшасын іске қосу арқылы Шетел мен өзге өңірден келген қонақтар мобильді қосымшаны ақпараттық көмек құралы ретінде 5 тілде қолдана алады. Мамандардың сөзінше, кодты суретке түсіргенде мәлімет смартфоннан оқылады. Бұл бірегей қосымша Жамбыл облысының туристік нысандарын кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді. Ал болашақта мұндай ақпараттық тақтайшалар санын 33 ке жеткізу жоспарда бар

Қарлығаш Аралбекова, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Тек қана гид экскурсоводтың мәліметіне ғана сүйенбей, осы өздері турфирма арқылы емес, жәй туристердің өздері қонақтардың өздері келіп жатқан оларға өте ыңғайлы болады. Осындай  QR-код арқылы олар әрқайсысы өздерінің смартфон телефоны арқылы  мобилдік қоысмшаны өзіне енгізіп алып сөйтіп сол сол жерде 5 тілде ақпарат алатын болады. Ол қазақша, орысша, ағылшынша түрік және қытай тілдерінде.

Хабар 24 телеарнасы