384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Нұрлы жер» бойынша 188 үйді қолданысқа беру көзделіп отыр

  • 509
  • UPD: 12:19, 28.10.2018

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде салынған 188 үйді ел игілігіне беру көзделіп отыр.

Яғни 800-ден астам отбасы қоныс тойын тойлайды. Жақында Жәнібек ауданының орталығында 40 отбасы көптен күткен баспана кілттерін алып, қуанышқа кенелді. Олардың арасында жас мамандар, мұғалімдер және көпбалалы отбасылар бар.  

Жәнібек ауданы облыс орталығынан 500 шақырымда жатқанмен, қалаға көшіп жатқан ешкім жоқ. Қазір 3 ауылға көгілдір отын тартылып жатса, екеуінде халықты сапалы ауызсумен қамту жобасы жүзеге асуда. Бұл жұмыстар аяқталса, аудан толығымен табиғи газбен және таза сумен қамтамасыз етіледі. Былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 24 отбасы баспаналы болса, биыл міне тағы 40 отбасы қоныс тойын тойлап отыр.

Асқар Есекеев, Жәнібек ауданының тұрғыны:

 - 8 жылдай болды осы білім саласында жұмыс істегендіктен өзім уй кезегіне арызымды бергем. Бүгін міне сол кезегіміз келіп, Елбасымыздың «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауданымызда салынған 80 қатарында біздер де ілігіп, осы уйдің кілтін алып жатырмыз, өте қуаныштамыз.

Манарбек Әдиев, Жәнібек аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:

- «Нұрлы жер» тұрғын уй құрылысы Жәнібек ауданымызда 104 пәтерге арналған жобалы сметалық құжаттама дайындалған болатын. Оның бірі 2-пәтерлі 20 тұрғын уй өзінің құрылысын 2017жылы бастап алған, қазіргі уақытта пайдалануға беріліп жатыр. Бір уйдің ауданы 190 шаршы метр.

Жаңа үйлер Қазталов, Жанақала, Тасқала аудандарында да тұрғызылып жатыр. Яғни бұл мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы тек шаһарларды қамтып қоймайды. Биылдың өзінде ауылдық жерлерде баспана салуға жергілікті қазынадан 2 жарым миллиард теңге бөлініп отыр.

Бағдат Азбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Тасқала ауданында да биыл жоспар бастап, келесі жылы ол үйлерді бітіремі,  3-қабатты 72 пәтерлі уй. Теректі ауданында Федоровка  да 3 қабатты 36 пәтерлі уй салынып жатыр. Нұрлы жер бағдарламасы бойынша облысымызда 188 уй саланып жатыр.

Жалпы облыс бойынша тұрғын үй салудың жылдық жоспары 415 мың шаршы метрді құрайды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бұл мақсатқа 16 млрд теңге бөлініп отыр.  

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Ботагоз Базарбаева, Болат Жарылғасов, Қанат Махмутов

Хабар 24 телеарнасы