385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 5 ірі мекеме жекешелендіріледі

  • 585
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 5 ірі мекеме жекешелендіріледі

Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 5 бірдей ірі мекеме жекенің меншігіне берілуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша аймақ басшылары 4 жылға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын биыл толығымен орындауды көздеп отыр. 2016 жылдан бері облыста 1 миллиард теңгеге 14 ұйым сатылған. Оның ішінде коммуналдық меншіктегі мекемелер, құрылыс пен баспа қызметтерін көрсететін кәсіпорындар мен спорт нысандары бар. Ал 8 компания жеке бизнес үшін инвестициялық артықшылығының жоқтығына, шығындарына және бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты таратылған. Тұрғындар үшін жекеге сатылатын нысандар бойынша Жол картасы жасалды. Онда жекешелендіруге жататын нысандардың тізімі, қызмет түрлері мен сату кестесі қарастырылған.

Дамиля Ерпанова, облыстық қаржы басқармасы басшысының м.а:

– Жыл соңына дейін екі айда тағы 5 ұйым жекешелендіріледі. Олар санитарлық тазалық пен абаттандыру, автожолдарды жөндеу және ауылшаруашылығы мен тұрғын үй құрылысы саласындағы компаниялар. Оның үшеуі – «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының еншілес компаниясы.

Хабар 24 телеарнасы