376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігін бұзу туралы мәліметтерді қабылдайтын сенім телефон желісін ашты

  • 812
  • UPD: 12:50, 29.10.2018
ҚТЖ қозғалыс қауіпсіздігін бұзу туралы мәліметтерді қабылдайтын сенім телефон желісін ашты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігін бұзу туралы мәліметтерді +77172 60-63-08 нөмері бойынша қабылдайды.

Бұл туралы «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Тасымал процесі қауіпсіздігін арттыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті сенім телефонын орнатты.

Аталған телефонға енді теміржол көлігіндегі жол берілген және жасырылған қозғалыс қауіпсізідігі туралы жайттарды хабарлауға болады.

Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің менеджері Ниязбек Жанабаевтың атап өткеніндей, хабарламалардың құпиялылығына және анонимдігіне кепілдік беріледі.

«Абонент кез келген лақап атпен шығуына немесе тіпті есімін айтпауына да болады. Бұл ретте абонент нөмірі тіркелмейтіндіктен, оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Арадағы әңгіме үшінші тарапқа берілмейді. Бұдан басқа, абоненттің пікірі мен көзқарасы талқыға салынбайды да сынға алынбайды, бұл өз кезегінде проблеманы ашу үшін тиімді жұмыс жүргізу және жан жақты еркін сөйлесу үшін қолайлы жағдайлар туғызады», - дейді Н.Жанабаев.

Маманның айтуынша, хабарлама фактісі расталатын болса, онда жедел түрде тиісті шаралар қолданылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы