389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай тұрғыны интернет сауда арқылы алаяқтардың құрбаны болды

  • 401
Қостанай тұрғыны интернет сауда арқылы алаяқтардың құрбаны болды KP.UA

Қостанайлық тұрғын интернет сауда арқылы алаяқтардың құрбаны болған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Азаматша ғаламтордағы «OLX» сайтынан пәтер жалдамақ болып жарнама берушімен кездеседі. Оған алдын ала төлем ретінде 56 500 теңге аударады. Сөйтіп ақшаны алған жалға беруші әйелмен байланысқа шықпай бой тасалап жүрген. Тәртіп сақшылары тек бір айдан соң алаяқтық жасады деген айыппен екі күдіктіні қолға түсірді.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Хабар 24 телеарнасы