387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда төрт мемлекеттік органға төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттау құқығы берілді

  • 553
  • UPD: 10:26, 31.10.2018
Қазақстанда төрт мемлекеттік органға төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттау құқығы берілді tengrinews.kz

Қазақстанда төрт мемлекеттік органға әлеуметтік, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау құқығы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл органдар мыналар: Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі. Бұл ведомстволар қаулыға сәйкес, қандай да бір төтенше жағдай тууы немесе қауіп төнген кезде үкіметтік, президенттік және шұғыл қызметтен өзгелердің байланыс құралдарының және желілерінің қызметін тоқтата алады. Құжат 2018 жылы 28 қазанда заңды күшіне енді.

Хабар 24 телеарнасы