384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде жыл соңына дейін мыңнан астам пәтер қолданысқа беріледі

  • 336
  • UPD: 18:00, 29.10.2018

Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы жемісті жүзеге асырылып жатыр. Мәселен өткен жылы 6 көп қабатты, 20 үш және төрт қабатты баспана мен 194 коттедж типтес үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға берілген болатын.

Бұл ұзын саны 140 мың 700 шаршы метр немесе 2 мың 248 пәтер. Құрылысшыларға қойылатын басты талап - үйлердің сапасы мен құрылыс материалдарының 80 проценті жергілікті өнім болуы керек.

Нұрлан Тұрымов, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары:

- Біз 36 үй бастағанбыз. Осындай 3-4-5 қабатты. Соның алтауын биыл тапсырамыз. Қалған 30-н келесі жылы. 9 қабатты 11 үй салып жатырмыз. Соның 6-н биыл, қалған 5-н келесі жылы тапсырамыз. Осы жобаға абаттандыру және балалар алаңы, бәрі кірген. Құрылыс компаниялары бәрін жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы