389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мамандар тапшы

  • 566
  • UPD: 13:38, 30.10.2018
СҚО-да мамандар тапшы

Елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында тығыз орналасқан аймақтардан тұрғындары жұмыс күші аз өңірлерге көшіру жалғасын табуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, жыл басынан бері аталған жоба аясында Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласынан солтүстікке 370 отбасы қоныс аударды. Бұл – 1257 адам. Олардың барлығы баспанамен қамтылып, жұмысқа орналастырылды. Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған кешенді жоспары бойынша, оңтүстік өңірден көш түзегендерге 3 мың тұрғын үй салынатын болады. Өйткені аймақта әлі де мамандар тапшы.

Алма Махметова, облыстық жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі кезде облыста 1 мыңға жуық бос орындар бар. Соның ішінде, біріншіден, бюджет саласында мұғалімдер және дәрігерлер. Және тағы да ауыл шаруашылығында агрономдар, ветеринарлар, механизаторлар тапшы.

Хабар 24 телеарнасы