384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында қар суын пайдалану үшін 10 қойма салынады

  • 406
  • UPD: 09:56, 31.10.2018
Ақтөбе облысында қар суын пайдалану үшін 10 қойма салынады

Ақтөбе облысында қар суын тиімді пайдалану үшін 10 су қоймасы салынады.

Яғни суармалы алқаптардың аумағы ұлғайтылып,  600 млн текше метр су кәдеге асады. Нысандардың техникалық құжаттарын дайындап, жобасын жасау үшін республикалық бюджеттен  48,8 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар,  «Сазды», «Ақтөбе» және «Қарғалы» су қоймаларын қайта жаңғыртып, сыйымдылығын арттыру жұмыстары  жүріп жатыр. Мысалы, «Сазды» су қоймасының сыйымдылығы 6 млн текше метрден 7,5 млн текше метрге дейін ұлғайды.  Қоймадағы су 1000 гектар алқапты және қаладағы гүлзарлар мен саябақтарды суғаруға жетеді. Екі қоймада жедел хабар тарату желісі жүргізілді. Яғни қандай да бір қауіп туса, арнайы қондырғы дабыл қағып, төтенше жағдайлар департаментіне белгі береді. Одан бөлек, бұрын адам атқарып келген жұмыстардың барлығы автоматты жүйеге көшті. Су қоймасын  жаңғыртып, автоматты жүйеге қосу үшін 147 млн теңге бөлінген. Өңірде ірі бөгеттер мен тоғандарды түгендеу және құжаттарын реттеу жобасы жасалды.

Хабар 24 телеарнасы