384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы су қоймаларының жағдайы қалыпты

  • 657
  • UPD: 11:05, 31.10.2018

Алматы облысында 200-ден астам су шаруашылық нысандары бар. Бұл су қоймалары, тоғандар, бөгеттер, дамбалар мен гидротораптар.

Республикалық меншікте 46 нысан болса, 78 нысан жергілікті атқарушы органдардың қарауында. Ал 83 нысан жекеменшіктің қолында. 3 нысан қараусыз қалғандар тізімінде. Мамандардың айтуынша, барлық нысандар бақылауда тұр. Кейбіріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 8 жыл бұрынғы апаттан зардап шеккен Қызылағаш су қоймасы бастапқы қалпына келтіріліп жатыр. Оған республикалық бюджеттен 6 миллиард теңге бөлінген. Нысан жыл соңында пайдалануға беріледі. Содан кейін су толтыру жұмыстары басталады.

Смайыл Құметов, «Қазсушар» РММ  облыстық филиалының директоры:

- Қазір ешқандай су қоймаларының жағдайларында қорқыныш жоқ. Біз өзіміздің күшімізбен де жаңағы жыл сайынғы өтетін жыл сайынғы жұмыстарын – ремонт жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы